Асельдің тарихы
Асель — 36 жаста, екі ұлдың аяулы анасы, отбасының асыл жары. Қазір ол ауыр диагнозбен — жұмсақ тіндердің саркомасымен күресіп жатыр.
Ем қабылдау үшін отбасымыз Үндістанға келді. Асель 4 курс химиотерапиядан өтті. Қазір сәулелік терапия жалғасуда, ал алда ең маңызды әрі қымбат кезеңдердің бірі — ота тұр.
Біз қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз. Бірақ емнің, тексерулердің, дәрі-дәрмектің және операцияның құны өте жоғары болғандықтан, жақындарымыз бен жанашыр адамдардың көмегіне жүгінуге мәжбүрміз.
Асельге көмектесу






